Шайтан лағынет жәннаттан қуылған уақытта осындай улы нығметтен пенделерді қайтарып, жібермеуге тырысатындығы жөнінде Құранда Аллаһ Тағала былай деп ескертеді. Аллаһ Тағала Құранда Ағраф сүресінің 16-айатында: «Әлбетте, мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын»,-деді. Яғни, адамдарды қажылықтан қайтару үшін Меккенің жолында отырып алып барынша қажылықтарын бұзуға, қүнә істерге азғырып, итермелейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім жаман сөз сөйлемей, жамандық қылмай осы үйлі қажылық ететін болса, жаңа туған сәбидей күнәдан пәк болады»,-деген. Шайтан лағынет жоғарыда айтылғандай жолда отырып алады. Пенделердің күнәлері көбейіп, қажылықтары қабыл болмаса, семіріп үлкейе береді. Пенделердің күнәлары азайса, кішірейіп азып-тозып кетеді. Шайтан лағынеттің ең жаман көрінісі осы қажылықта болады.
|