Расында Аллаһ Тағала Арафатта тұрған бір пенденің күнәсін кешіретін болса, соның құрметіне Арафатта тұрған барлық пенделердің күнәсін кешіреді. Бұл да болса Арафат тауының қасиетінен және ол таудың Аллаһтың алдында дәрежесінің ұлылықтығына дәлел. Кейбір ғұламаларымыз айтады: «Егер қажылықта осы Арафат тауында тұрғандардың барлығының күнәларын кешіреді»,-деген. Бұл күн дүниедегі күндердің ұлығы. Себебі, бұл күн Аллаһ Тағаланың осы дінді толықтырған, нығметтерін тәмем етіп және де біздерге Ислам дінін разы қылған күн. Иаһудилерден бір кісі Омардың (р.а.) алдына келіп: «Сіздердің Құрандарыңызда бір айат бар. Егер сол айат біздерге түскенде біздер сол күнді өзімізге мейрам күн етіп алған болар едік»,-деді. Омар (р.а): «Қайсы айат»,-деп сұрады. Иаһуди мына айатты оқып берді: «Бүгін діндерді толыстастырдым және нығметімді тәмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін хоштап ұнаттым». Омар (р.а.): «Бұл айат жұма күні екі айттың бірінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Арафат тауында тұрғанда түскендігіне мен күәлік беремін»,-деді.
|