Міне, иаһудилердің армандаған күні Осы Арафа күні екен. Бұл күннің қасиеттілігі соншалықты, қажылық етуші кісі басқа бауырының атынан дұға етсе немесе біреудің атынан қажылық етсе де қабыл болады. Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылыққа барушылылардың дұғалары қабыл болуы үшін Аллаһқа былай деп дұға еткен: «Ей, Жаратқан ием! Қажылық етушінің күнәсін және де қажылық етуші: «Бұл пендеңнің күнәсін кешіре гөр»,-деп дұға еткен пендеңді де жарылқай көр». Шариғатта басқа біреудің атынан да қажылық етуге болады. Әли ибн Мауқиф деген кісі Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.ғ.с.) атынан бірнеше рет қажылық еткен екен. Әлидің өзі айтады. «Бір күні түсімде Расуллаһты көрдім» Расуллаһ маған: «Ей, ибн Мауқиф, менің атымнан қажылық еттің бе?»-деді. Мен: «Иә, Расуллаһ»,-дедім. Ол: «Менің атымнан ләйббайка айттың ба?»-деді. Мен: «Иә, Расуллаһ»,-дедім. Расуллаһ (с.ғ.с.): «Ондай болса, қиямет күні осы ісің үшін мен саған кепіл боламын. Адамдар Аллаһтан қорқып есеп берудің қайғысында тұрғанда, мен сенің қолыңнан ұстап жәннатқа кіргіземін»,-деді. Міне, қажылықта Арафат тауында тұрудың қасиетінің қандай екенін көріп отырмыз.
Дәуренбеков
|