Сұрақ: Кейінгі кезде бүйрек жайында ақпарат құралдары көп айтып жүр. Сіздер ол жайында не айтар едіңіздер?
Сандуғаш Күдерина, Қыдырхан Әліпбаев,
Зырян қаласы
Жауап: Бүгінде, адамдардың 90 % бүйрегі сау емес екен. Оған қоршаған ортадағы ауаның ластануынан және күтінбеу негізі себепкер болып отыр. Кейбір адамдар «ауызымыз сасып кетеді» деп пияз жемейді. Ал пияз бүйректің қызметін жақсартушы дәрумені бар көкініс.
Сондай-ақ, бүйректің қызметін жақсартуға жүгері де мың бір ем: оны асып жеу керек.
Бүйрек қызметі қалыпты емес жағдайда түскенде көз асты әжімденіп, көгеріп кетеді. Көлкілдеп ісіп тұруы да ғажап емес. Енді бұл ауруды биоқуаттылық күшпен де емдеуге болады. Ол үшін сеанс алу мерзімі 15 күн мен 30 күн аралығын қамту керек. Қол тигізіп немесе тигізбей жасалатын массаждар түрі өте қарапайым. Алақан жылуымен бүйректі тек аялау керек. Сонда берілген жылу бүйректі өз қалпына түсіреді. Сондай-ақ, бүйрек ауырмау үшін әуелі суық су ішуді доғарған жөн. Салқын судың орнына сүт, ауран сияқты ақ тағамдарын пайдаланып, сосын көбінесе қара нан жеу пайдалы.
|