Бейбіт жатқан ауылды жоңғарлар шауып, қазақтың малын айдап, егісін таптап кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екіқабат келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төлемен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі: -Мына бишараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай-дейді. -Баланың бесігі-кең дүниенің есігі,-депті сонда ақылгөй Төле би.
|