Хас батырда ұйқы жоқ, Хас сұлуда күлкі жоқ. Күлкі қайдан болады, Үйінде тұлдыр мүлкі жоқ. Тамағынан жақын жоқ, Мамада атың болмаса. Еркегінде тақым жоқ, Серікке сенсең сенімсіз, Шын көңілде салқын жоқ. Өзі қатты сараңдардың, Ешкімге айтар назы болмас. Келіні кей кемпір-шалдың, Көрер күні, жазы болмас. Жекжат берер бекер пұлдың, Көбі менен азы болмас. Құлақ жарар шәңкіл әуен, Тыңлағандай сазы болмас. Ұрыс көрген ұл мен қыздың, Мінезінің мәні болмас. Еттің бәрі жал болмайды, Бар сөз білген сал болмайды. Күйгелектің тез күні өтер, Ол қартайып шал болмайды. Жапырақ жайған қызыл мия, Саялайтын тал болмайды. Қара көже күбідегі, Ас болады, бал болмайды. Түйе түлік шыдамы мол, Бір шөккен соң мал болмайды. Науқас билеп кеткеннен соң, Шал-шауқанда әл болмайды. Тұрған іркіт тамақ қырнар, Тамақ болар, мән болмайды. Ақылы асқан зейінді ұл, Басына іс түссе батпан, Тәсіл табар, дал болмайды.
|