Сұрақ: Сәлеметсіздер ме! Біз күйеуім екеуіміздің жуықта баламыз туады. Бірақ та күйеуімнің барлық құжаттары ұрланып кеткен. Осыған байланысты біздің баланы тіркеуде кедергі бола ала ма деген сұрақ бар.
Жауап: Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексінің 49 бабының 1 тармағына сәйкес бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады. Туу туралы арыз жазбаша немесе ауызша түрде ата-ана немесе олардың біреуімен беріледі. Арыз беруші ата-ананың біреуі жеке басты куәландыратын құжат көрсетуі тиіс. Егер де баланың ата-анасы тіркелген некеде тұрса, сіздің жағдайыңыз, біреулеріңіздің жеке куәлігінің жооғалуы туу туралы құжатты алуға кедергі болмайды, себебі сақталған яғни қолдағы құжатты қолдануға болады. Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба-анасының арыз бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша (осы Кодекстің 46-бабының 4-тармағы) жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады. Ата-ананың біреуінде жеке куәліктің болмауы бұл әрекетті жасауды мүмкіндік бермейді. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексінің 49 бабының 3 тармағына сәйкес бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кітабында бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты-жөні - бала анасының көрсетуі бойынша жазылады.
Юрист Адина А.
|