Тесіре қарағанында мән бар екен
Күйеуі әлде не ой үстінде әйеліне тесірейе қарап қапты. Бұған ыза болған зайыбы:
-Неменеге ойланып қалдың?!-дейді. Сонда күйеуі:
-Немене дейсің бе?-депті,-Арақты тастадым, темекені тастадым. Енді сен туралы ойланатын мезгіл жеткен секілді...
Қан қысымы
-Дәрігер мырза, сізге қарап таң қалып отырмын. Мені қарамай жатып қан қысымымның жоғары екенін қайдан біліп қойдыңыз?
-Сізге қонған масалар бірден жарылып кетіп жатыр ғой!..
Қасқа бас
Бір қасқа бас еркек дәріханаға кіріп, оның иесінен:
-Шаш өсіретін дәрі-дәрмектеріңіз бар ма?-деп сұрайды?
-Міне, мына құты (флакон) өте жақсы.
-Мұныңызға кепілдік бере аласыз ба?
-Беремін. Кассада отырған мұртты кісіні көрдіңіз бе?
-Көрдім.
-Көрсеңіз, сол менің әйелім. Оған мұрт қалай шықты дейсіз ғой, осы флаконды тісімен ашпақ болып әбігерге салынғанда сөйтті.
|