 Итошаған-күрделі гүлділер тұқымдас, қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары түсті, топталып өседі. Жемісі-ұзынша дән. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі. Химиялық құрамы. Итошаған шөбінің құрамында илік заттар, шырыш, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен С дәрумені бар. Қолданылуы. Емдік мақсатқа өсімдік шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды. Итошаған халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері аурулары кезінде зат алмасуын қалыпқа келтіреді, тер мен несептің бөлінуін арттырады, қан кетуді тоқатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Шөбінен жасалған қайнатындынытәбет ашып, ас қорытуды жақсарту үшін, суық тигенде, жөтелгенде, бауыр ауырғанда, құяңға шалдыққанда ішеді. Итошаған тамырының қайнатындысымен Орта Азияда бүйі шаққан адамды емдейді. Ал ұсақталған жапырағын жылан шаққан жерге басады. Ғылыми медицина итошағанды балалар ауруына, атап айтқанда, әр түрлі диатездер кезінде қолдануды ұсынады. Ол үшін 2 ас қасық итошаған шөбін жарты литр суға салып, жылы жерге 12 сағат тұндырады, сонан соң жарты стақаннан 3 рет ішеді.
|