Күлкі адам жанын сергітетін ең жақсы көмекші. Бұған қоса, күлкі арқылы адамның мінезінен де хабар алуға болады. Зер салыңыз, айналаңыздағы адамдар қалай күледі, біздің сипаттамамен салыстырыңыз. -Дауыстап, жан тәнімен күлетін жандар-күшті, денсаулығы жақсы, ашық, ақкөңіл, көпшіл келеді. -Тым қысқа бәсең күлкі-ақыл мен ерік жігердің, алайда ұяңдықтың да белгісі. Мұндай жандар, кез-келген ауыртпалықты оңай жеңіп шығады. -Шиқылдап күлетіндер-кекшіл, ызақор және қызғаншақ келеді. Мұндай адамдар жұмбақ, әлсіздерді мазақ етуге құмар, ортақ әңгімелерге араласқанды ұнатпайтын болады. -Үзік-үзік күлкі-жүйкесі шаршаған, шыдамсыз адамдарға тән. -Дөрекі күлкі-дөрекіліктің өзімшілдіктің билікқұмарлықтың белгісі. -Бар жан тәнімен күлу-мінезі жайлы, ашық-жарқын, көңілді жандарда болады. -Көзінен жас аққанша күлу-ең дұрыс күлкі осы. Өйткені, ол толығымен жүйкенің шаршауын басады. -Күрсінумен аяқталатын күлкі-жақсылықтың нышаны емес. Бұл күлкі иесінің көңіл-күйі тез құбылатынын, ашушаң, көз жасына тез ерік беретін, жасықтау адам екенін хабар береді. -Ақырын, жұмсақ күлу-тым жұмсақ мінезсіз, тіпті еріксіз жандарға тән. Олар өзгелерге тез мойынсынады және кедергілерден қорқады. -Үнсіз күлкі-бұл ұяңдықпен, жұмбақтықтың белгісі. Мұндай жандар іштей есептескіш, тіпті арамза болуы ықтимал.
|