Ғалымдар адам терінің иісін құртатын ерекше таблетка ойлап тапты. Ол дәріні жұтқан соң адамның денесінен шығып тұратын тердің жағымсыз иісі бірнеше сағатқа жойылады. Бұған дейін қолданытып келген парфюмериялық заттарға қарағанда дезодорант-таблетка денеден шыққан тер иісін құртып қана қоймай, сол тердің өзін де өзгеше бір жағымды иіске айналдырады екен. Ал оның қандай иіс екенін ешкім алдын-ала білмейді. Себебі дәріні жұтқан соң жағымды тер иісі адамның генетикалық құрылысына қарай шығып тұрады. Ал «жұтатын парфюмнің» қашан сатылымға түсетінін оны жасаушылар әзірге құпия сақтап отыр. Соған қарағанда олар косметикалық заттар шығаратын ірі компаниялардың тапсырыс күтіп отырса керек.
|