Салақ әйелге-соқыр күйеу.
Қабаған итке-не тамақ, не таяқ.
Инеңді өткізбей жатып, бізіңді суырма.
Асқақ адам аспанды аяғымен таптасам дер.
Көктемге жеткен ешкі көк шөп табар.
Кенже шыққан балапаннан қораз күтпе.
Қазша қаңқылдап бағады,
Қарғаша жұмыртқа салады.
Жол алыс болса мейлі,
Тек тегіс болсын.
Танауын көтерген тасқа соғылар.
Қашуға бел байлаған құлаймын деп қорықпас.
Хас надан қазына жиюға ынтығар,
Ақылды кемелденуге ұмтылар.
Ауылдағы жаңалықты ағадан сұра,
Үйдегі жаңалықты баладан сұра.
Ит иесін ұмытпаса, мысық үйін ұмытпайды.
|