Қайырымдылық жолдары сан тарау. Мәселен, бала тәрбиесі үлкен-кішінің түгелдей ойланғандары дұрыс. Батылдыққа тәрбиелеу. Кішкентай балалар жиі төбелесіп қалады. Егер ол өзін өзі қорғау мақсатында болса, аса жекірмеген абзал. Егер бұзықтық болса, ескерту жасау, төбелестің түбі неге соқтыратын мысалдар айтып, түсіндірген абзал. Қамқорлық. Анасы баланың әкесі туралы ылғи жақсы сөздер айтып отыруы тиіс. Ер азамат үшін өте жағымды бейнені өз әкесінен көріп өсу, қамқорлық жасауға ұмтылдырады. Қайрымдылық пен мәрттік Ұл бала мәжбүрлеуге көндікпейді. Оның жағымды қылықтарын, жасаған жақсылығын міндетті түрде айтып, қолдау танытып тұру керек. Ашық-жарқындық. Баланың ойын ашық білдіріп, сезімтал әңгімелер айтып, кейбір дүниелерді талқылауына, ортаға салуына шектеу жасамаңыз. Отбасындағы барлық мәселені онымен бөлісіп, ортаға салып шешуге тырысыңыз.
|