Сұйық тамшы түріндегі кейбір дәрілер мұрыннан су аққанда тамызуға арналған. Ол мұрынның шырышты қабатын тітіркендіруден қорғап, еркін де терең тыныс алуға көмектеседі. Сонымен бірге мұрыннан су ағуын тоқтатады. Ол сонымен қатар аллергиялық түшкіруді азайтады. Дәрігер нұсқауынсыз-ақ босатыла береді деп оны да оңды-солды қолдана беруге болмайды. Нұсқаулығына қарай күніне бірнеше рет қана тамызу керек. Одан асырған жағдайда мұрын қуысының шырышты қабатына зиян тигізуі де мүмкін.
Мұндай дәрілерді аяғы ауыр аналар мен 12 жасқа дейінгі балалардың мүмкіндігінше қолданбағаны жөн. Оның орнына ас содасына бұлау, мұрынға орамал басып жүру, маска тағу сынды қарапайым тәсілдерді қолданғаны дұрыс.
А.Мұхаммед.
|