Қырсықтың қылықтары...
Қарапайым мәмілемен және ұстамдылық, табандылық танытып, баланың қырсықтығын кетіруге болады. Бала бір нәрсеге қырсығып қалған кезде, оған сол нәрсеге қол жеткізе алу сезімін бермеу керек. Бала «Егер жыласам, айғайласам, шу шығарсам, шешемді ұялтсам... қалаған нәрсемді береді» деген сезімдерге түсіп қалмауы керек. Жас кезінен әр қалаған нәрсесін істететін бала, келешекте бұл қырсықтығын оңайлықпен тоқтатпайды. Оны сәби кезінен бастап тәрбиелеу керек, жылап, қырсықтық етуіне мән бермеу керек. Егер әр қалаған нәрсесі орындала беретін болса, бала да, үлкендер де ешқашан тыныш болмайды. «Соған қалаған нәрсесін беріп құтылайыншы» дегенмен, бұл қалауларының соңы бітпейтінін түсіну керек.
|