Мінез-ақыл мен ғылымды сақтайтын сауыт. Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
*** Өз дәулетінен артық киінбек не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ-кербездің ісі.
*** Өзі өзгеше боламын демектің түбі-мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күңшілдікті бітіреді де, күншілдік күншілдікті қозғайды. *** Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ-өнерсіз иттің ісі.
|