Әлеумет танушылардың айтуынша отбасында бақытты боламын дегендер жұбайлар арасында кездесетін «жаулардан» сақтану қажет. Оның біріншісі-отбасындағы өзімшілдік. Екіншісі-зайып жатырқауы.Үшіншісі-рухани бейшаралық.
Біріншісі жауы- отбасының ізіне өмір бақи түсіп, іштей аңдып, түбінде ажыратпай тынбайды.
Екінші жауы-жұбайлардың ортасында түнейді, құрылған шымылдық оңып, бала-шаға мектеп жасына келгенде тұзағына түсіреді.
Үшінші жауы-ерлі–зайыптыларды ержетіп үй болғанда, немере сүйіп, зейнет жасына жеткенде тұзағына ілігеді. Одан құтылу тіпті қиын. Отбасында бақытты боламын деген адам осы жаудан жырақ жүргені жөн.
|