Егер сіз бір жанға телефон соғуға уәде берсеңіз, онда орындаңыз.
Жұмыстан немесе кездесуден кешіксеңіз, сізді күтіп отырған адамға міндетті түрде бір хабарын айтыңыз.
Армандай біліңіз және сол арманның аясында тіршілік етсеңіз, арманыңыз міндетті түрде орындалатын болады.
Өзге бір жанның арманына ешқашан күлуші болмаңыз.
Сізге сатқындық жасаған адамдарға қайта жолаушы болмаңыз. Олар өмір бойы сол қалыптарынан айнымайды.
Уақытыңыздың көп бөлігін ата-ана, бауырларыңызға арнаңыз. Адамдар бұл өмірдің жолаушылары. Бүгін бар адамдар ертең мәңгілікке ғайып болуы мүмкін. Сондықтанда, қасыңызда барда қадірлей біліңіз.
Жылы жүзді, жылы мінезді болыңыз. Бұл қасиеттердің сізге пайдасы болмаса, еш зияны жоқ.
Уақытыңыздың көп бөлігін теледидардың алдында өткізбеңіз. Өмір секундап өтіп барады.
Туылған күніңізде «Бүгін менің туылған күнім» деп айтушы болмаңыз. Бұл әдепсіздік.
Өз қателігіңізді түзей біліңіз. Қай кезде бастасаңыз да, қателікті түзеудің кештігі болмайды.
Үнемі бір жанның үстінен шағым айтып жүруші болмаңыз. Және біреудің мәселесіне ешқашан басыңызды сұқпаңыз.
Келеңсіздікке тап болғанда «бұл күн де өтеді» деген түсінікті ұстаныңыз.
Жөн-жосықсыз әзілдеуші болмаңыз. Адамдар бес саусақ секілді, оның бірі сіздің әзіліңізді түсінсе, енді бірі түсінбей қалуы ықтимал.
Бір жанмен ренжісіп қалдыңыз делік. Бұл сәтте оның жан жарасына тиетін сөздерді айтудан аулақ болыңыз. Бүгін ренжіскеніңізбен, ертең татуласқан сәтте айтқан сөздеріңіз үшін өзіңіз ұялатын боласыз.
Әрқашан шындықты айтыңыз. Сонда көп жағдайларды есіңізге сақтап әуре болмайсыз.
Санаңызға керемет ой оралды ма? Дер кезінде қағазға жазып қойыңыз.
Күніңіздің басын қиын жұмыстан бастаңыз. Одан кейін жайбарақат жүруіңізге болады.
Кітап оқудан ешқашан жалықпаңыз. Кітап өміріңіздің оң өрнектелуіне септігін тигізеді.
|