Білім шексіз екен деп түңілме,
Мінім елеусіз екен деп бүлінбе.
Ана баланың тәнін шынықтырса,
Ұстаз баланың жанын шынықтырады.
Қайрауы келсе, қанжар өткір.
Сөз сөйлесе-ақылды-ақ,
Іске келсе-ақымақ.
Өз үйіңде отыңды бақ,
Кісі үйінде аузыңды бақ.
Ақылды көргенін айтады,
Ақылсыз жегенін айтады.
Төбеге шықсаң күндейді,
Төменде қалсаң, тілдейді.
Қаз қаңқылдаса, жаз келер,
Қарға қарқылдаса, күз келер.
Аларда алақанын тосады,
Берерде желкесін қасып сасады.
|