Жалаңаш жалпы жарлыға, Жарқыраған жаз артық. Берекесіз тобырдан, Бірлігі күшті аз артық. Сырын білмес аққудан, Сырлас болған қаз артық. Айғайласқан ашудан, Сыпайы айтқан сөз артық. Қайындағы күйеуден, Қарғы таққан тазы артық. Жетім менен жесірге, Көмектескен ел артық. Ел намысын ақтаған, Еңіреген ер артық. Еріксіз түскен еңістен, Еңбектеп шыққан өр артық. Қорлықпен өткен өмірден, Азабы жоқ көр артық. Баптағы көп көлдерден, Бұлағы бар сай артық. Қамшылатқан шабаннан, Өзі жүрген тай артық. Ас болмайтын жасықтан, Бір жапырақ нан артық. Ақ күмбездей үйіңнен, Бір шыбындай жан артық. Алтын менен күмістен, Алдындағы мал артық. Жаманмен жолдас болғаннан, Жалғыз жүрген өзі артық.
Ақтайлақ Байқараұлы
|