Сұрақ:
-Көпшілік жыйналған жердің бірінде бір епископ мұсылман болып кетті
деп естіп едім. Осының анық - қанығын білгім келеді .
Мұсахан Нұсаханбетов,
Катонқарағай ауданы
Жауап: -Бұл жөнінде бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланған: он жеті ай
комада жатқан шіркеу қызметкері мұсылман болып оянды.
Индонезияның Ява аралында Эдуард деген епископ аяқ асты мұсылман болды. 17 ай комада болған ол оянғаннан кейін Алла Тағаланың аян бергенін айтып, ислам дініне кірді.
Эдуард қария-87 жаста. Ол 43 жыл шіркеу қызметкері болған. Қария шіркеу шатырын жөндеп жатқан кезде құлап, комаға түскен. Ол комада жатқанда Жаратушының аян бергенін, жұмақтың алтын қақпасын көргенін айтады. «Мен Ислам діні жайлы естігенім болмаса, ешқашан Құранды оқымағанмын. Ислам діні жайлы білетінім аз. Жаратушы маған хақ діннің қайсы екенін бейне бір тылсым күштермен көрсетіп, осы жолға түсіп, одан таймау керектігін айтты» дейді ол.
Сүйектері сынып, жүрегі бірнеше рет тоқтап қалған қарияның қайта тірілгеніне дәрігерлер де таң қалды. 80-нен асқан адамның бұлай сауығып, жазылып кетуі өте сирек кездеседі.
Эдуард қария-айналасына беделді адам. Оған еріп, біраз адам ислам дініне кіргісі келеді. Қазір қария мешіт салып жатыр.
|