Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып: -Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, сенің есің неден кетіп еді?-дейді. -Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық,-деп жөніне жүре береді.
|