Қажыға қажы Мекеде кездеседі.
Өкпелетсең досыңды-қуантарсың қасыңды.
Ер жігіттің үш жауы бар:
Қасың да жау,
Досыңның қасы да жау,
Қасыңның досы да жау.
Сусағанның түсіне сылдыраған су кіреді.
Жалған сөздің шамы жарық бермес.
Сенен сескенгеннен сен де сескен.
Адамды әкесіне қарай бағалама,
Ақылына қарап бағала.
Жақсылықты білмейтін кісіден
Жақсылықты білетін күшік артық.
Жамандықты тыюдың ерте-кеші жоқ.
Жақсы болса досың,
Ілгерілер көшің.
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңмен қату бол.
Білігі көптің пұлы көп.
Іргесі берік болса, үй де берік.
Сараң сыбағысыз қалдым деуден танбайды.
Жүкті таситын-есек,
Жемді жейтұғын-мәстек.
|