Қазақтың белгілі ақын қызы, Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы
Періште емес, пендемін,
Мәңгі емеспін, демдемін!
Көрдім талай мықтының,
Мықыны көктен келгенін!
Періште емес, пендемін,
Көкте емеспін, жердемін.
Бағаламас бақырға,
Бақ қонғанын көргенмін!
Тасасында иықтың,
Шындыққа бас иіппін.
Шаужайына жармаспай,
Үзеңгісі биіктің!
Арман өлмей, көктедің,
Сезімімді шектедім.
Шотын тауып біреудің,
Көтермедім кетпенін!
Періште емес, пендемін,
Астана емес, елдемін.
Билік айтпай қоқаңдап,
Жәй жүрсем де өлмедім!
|