Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2009 » Декабрь » 05 » Әрқашанда тапқыр екен
Әрқашанда тапқыр екен
15:37
Бейсенбай ақсақалдың айтуына қарағанда өткен күндердегі тіршіліктің бәрін сөге жамандаудың қажеті жоқ, өнегесінен үлгі алса, ешкімнің ешнәрсесі бүліне қалмайды:
-Осы өз басым әйелдердің күтім-бабын тапсаң, ашсаң-алақаныңда, жұмсаң-жұдырығыңда тұрады дегендерге күдіктене, осал ма деп қараймын. Еркек болса, орысша кеткенде келіншектерінің туфлилерінің астында жүретін жігіттерге бір ақыл берер едім: әрдайым, әрқашанда Зайсан ауданындағы баяғыдағы бір кеңшардың бас зоотехнигі Қасымжомарттай болыңдар дер едім,-дейді тамсанып,-кеңестік кезде малшылар жайын, мал жайын біліп, шынайы тексеріп, шаруа бітіріп қайтарымызда Қасымжомарт: «үйге кіріп дәм татыңыздар. Құр ауыз кетесіздер ме?»-деді. Көп сөзге жоқ, тұйықтау, бірақ мақтаулы маманның үй тұрмысын көруге ынтық болдық. Өйткені зайыбы қыршаңқылау болса, о кезде партия ұйымдарына, басшыларға білдірмей шағынатын әйелдердің мінез-құлықтарынан хабардар едік. Қасымжомарт болса, қазіргідей ұялы телефон жоқ, әйеліне хабарласпай бір топ қонақты алып келгені шу көтермес пе екен дейміз іштей. Өзімізше әр қайсымыздың мойнымызда галстугымыз бар сайдың тасындай азаматтармыз, «жүніміз» жығылып жатса, бізге де, Қасымжомартқа да ұят қой! Ойлағанымыз дәл келді. Ол кең ауласын ашқанда ит үріп, оған қоса биік баспалдақтан келіншегінің даусы шықты. Бізді де көзіне ілместен Қасымжомартқа бас салды, өзінен бөтен кісілерден ығысу деген жоқ боп шықты. Арпылдап үрген итке қосыла үргендей даусы үдеп: «Неше күн болды, қайда кеттің өзі?! Барың да, жоғың да белгісіз сандалысың бітпеді ғой! Мына итіңе шейін күндіз-түні үріп, жанына  жақындатпайды. Не астауына тамақ салғызбайды! И-деп сала-құлаш сөздерін айқытты дейсің кеп!
Үйге не кірерімізді, не ауладан қайта шығарымызды білмей, аңтарылып тұрғанда ауланың иттің үйшігі тұрған жаққа Қасымжомарттың айқайлаған дауысы шықты. Сөйтсек, көше бойлап, ерінің алды-арты қаптаған жүк бір салт атты жігіт келе жатыр екен. Жас шамасы осы Қасымжомарттай, қырықтарға жетпеген, алайда сақал-мұрты алынбағаннан кейін үлкендеу көрінеді. Әйелім сөйлеп тұр-ау, кісілерден ұят болды-ау деп тұрған Қасымжомарттың кейпі жоқ: «Әй, Қожан, жақында бері! Неғып жүрсің уақсыз уақытта?-деп жатыр. Оған сөгіс бар ма, бар малшының жайын өзі білу керек. Қожан шопан екен, сөзінен аңғарылды. Моншаға түсіп қайтпақшы екен жайлауға.
Алдыңдағы не бөктеріп алғаның?-деді Қасымжомарт. Қожан езу тартып: «Қасқырдың бөлтірігі. Есейіп қапты. Оқыс тиісе ме деп қапқа салып алғам»,-деді жайбарақат. Қасымжомарт оған да, бізге де езу тартпаған күйі: «Бері шарбаққа жақында Қожан! Әкел бері. Қасқырмен қой бақпайды. Бері әкел! Мына итті ал оның орнына!»-деді.
Көз ілескенше болған жоқ, аузын таңып берді ме, көре алмай қалдық, әйтеуір қапқа басын кіргізіп Қожанға берді, иттің үні өшті. Біздің де құлағымыз тынышталғандай болғанда үйден қолында тегенесі бар, келіншегі шықты: «Мә! Өзің бер итке! Бірнеше күн аш... Өзі неғып үрмей қалды?!-деді. Қасымжомарт: «Басын кесіп лақтырып жібердім. Енді оның орнында қасқырдың бөлтірігі тұр. Күшігі! Ол үрмейді. Қаппайды. Өзің бере бер тамағын»,-деді. Бағанадан тіл қатқаны осы. Бір ауыз артық сөзі жоқ екен! Еріксіз иттің үйшігі жаққа қарадық: құлақтары тіп-тік, сұр қасқыр үйшіктің ойық есігінен басын шығарып қарап тұрды. Шынында үрген жоқ. Қасымжомарттың келіншегі де үнсіз зыр жүгірді. Тіпті Қасымжомартқа тіл тигізбек түгіл, тіпті қарауға батпай қалды.
Сондағы біздің айызымыздың қанғаны-ай!
Тамағын ішпей-ақ, Қасымжомарттың бетінен сүйіп-сүйіп аттанғымыз келді.

М. Төктебайұлы    

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1014 | Добавил: kemel | Теги: Өмір өрнектері | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz