Сұрақ:
-Күннің ыстығынан әбден шаршағандай болып жүрміз. Бұдан қалай қорғануға болады.
Алмагүл, Бейсен.
Өскемен қаласы.
Жауап:
-Бұл жөнінден маманның пікірі мынадай: Бастан өткен күн сәулесі жас балалар және егде тартқан адамдар, созылмалы науқасы бар, жүрек қан-тамыр ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті екендігін ескерген жөн.
-Тәуліктің ыстық мезгілінде көлеңкелі жерлерде саялау керек.
-Мүмкіндігінше синтетикасы жоқ табиғи матадан тігілген жеңіл әрі кең, ашық түсті киімдер киген жөн.
-Жағажайда немесе күн сәулесі тіке түсетін ашық жерлерде жұмыс істеген кезде басқа ашық түсті бас киім киюді ұмытпаңыз.
-Күн сәулесі тіке түсетін жердерде ұйықтауға болмайды.
-Алкогольсіз, газдалмаған сусындарды ішу керек. Бұл кезде адам ағзасы көп сұйықтық жоғалтады. Бұл жоқтың орнын толтырып тұруға тиіссіз.
-Күн астында демалған кезде күюге қарсы арнайы майларды және күннің тіке сәулесінен қорғайтын көзілдірік кигеніңіз дұрыс.
-Басты салқын сумен дымқылдап тұру да ағза салқындығын сақтауға көмектеседі.
-Жабық бөлмеде жұмыс істеген кезде ауа алмасуын қадағалау керек. Ал ыстық ортада жұмыс істесеңіз көлеңкелі жерде демалғаныңыз жөн болмақ.
-Өзен, бассейндерде шомылып, күнге қыздырынуды ойласаңыз, мұны түскі сағат 12-ге және түс қайта 16-дан кейін жасаңыз.
Г. Әмірқұлова.
|