Мал иесінің көзімен су ішеді.
Іс көп-темір аз, Ұста көп-көмір аз.
Арпасы бар ат арымас.
Күмән сенімнен айырар.
Ақыры жоқтың, жақыны жоқ.
Достың айнасы-дос.
Өзін-өзі түсінген кемеңгер.
Жақсы әйел мен жақсы ат Күлмей тұрып күлдірер. Жаман әйел мен жаман ат Өлмей тұрып өлтірер.
Түйе бойының ерсілігін білсе жақсы.
Досыңның үйінде тырнағыңды алма, Дұшпаныңның үйінде шашыңды алдырма.
Көз көрмек үшін, Ақыл білмек үшін.
Есек семірсе, иесін тебеді.
Қамысты бос ұстасаң, қолыңды қияр.
Қазақтың аты жем жемес, Жесе дорбаның түбін теспей қоймас.
Ит қайыршыдан қорықса, Қайыршы иттен қорқады.
Алтын алма, алғыс ал.
|