Сұрақ: Тауықтың сорпасы жайлы әр түрлі пікірлер айтыла бастады: зиянды деседі. Мамандар не дейді екен? Нәзигүл, Өскемен қаласы
Жауап: -Маман дәрігерлер талайдан бері тауық сорпасын ішудің зияндылығын ескертіп келеді. Себебі, қайнату арқылы оның етінде сақталған зиянды заттардың барлығы сорпаның бетіне шығады. Біз бұл жерде химиялық қоспасыз, экологиялық жағынан таза, аулада, қолда өскен тауықтар туралы айтып отырған жоқпыз. Әңгіме біздің дүкендер мен базарларда сатылатын тауық еттері жөнінде болып отыр. Ірі құс фабрикаларында тауықтарды семірту үшін жем-шөбіне адамға зиянды түрлі химиялық қоспалар мен антибиотиктерді қосатыны белгілі. Қайнатқан жағдайда соның бәрі сорпаға шығады. Сондықтан денсаулыққа зиян келмес үшін дүкеннен немесе базардан алған тауық етінің сорпасын ішпеген жөн.
|