Шылым шегуден арылуға арналған емдік әдістің ішінде менің таныстарыма қатты әсер еткен емдік әдіс туралы айтсам деймін.
Дайындау және қолдану әдісі. 1 кг жуылған сұлыны ыдысқа салып, үстінен 1 литр су құйып, отқа қоясыз. Баяу отта жарты сағат қайнату керек. Судан сұлыны сүзіп алып тастайсыз да, әлгі суға 2 ас қасық қырмызыгүл салып, 8 сағаттай жылы орап қойыңыз. Қырмызыгүлді сүзіп тастап, күніне 2 стақаннан жылытып ішу керек. Екі апта бойы ішсеңіз, темекіге тәбетіңіз тарпай, өзінен-ақ одан бас тартатын боласыз. Дәрілік сусын таусылып қалса, оны қайтадан осындай жолмен даярлап алып қолданыңыз.
|