Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2009 » Декабрь » 26 » Тышқанның пайдасы
Тышқанның пайдасы
09:22
Тоғызыншы сыныптың оқушылары тышқанның соншалықты пайдалы екендігін естімепті де, білмепті де. Сынып жетекшісі сол жылы ғана институтты бітіріп келген жас қыз Нәзираның да үш ұйықтаса түсіне кірмейтін оқиға болды. Матиматика пәнін өзінің айтуынша «иттің етінен бекер жек көретін» Әлихан деген болса ендігі әрі оқығысы келмеді, оныншы сыныпқа жол ашылып отырса да, есеп сабақтары есіне түскенде жүрегі айтып, онсыз да өлмеймін онан да көршілес ауылдағы ауыл шаруашылығы училищесіне барып оқимын десе, ешкім рұқсат бермеді. Сондағы қарсылықтарының зоры-тоғызыншы сыныпты бітіргені туралы куәлікті, басқа құжаттарды көрсетпеді. Көрсетуін көрсетті: әр кімнің куәлігі алыстан, отырған үстелінің басынан көрсетіп, бағаларын естіртіп, бірақ қолдарына ұстатпайтынын айтты.
Нәзира мұғалім дейтін емес, мүлде нәзік, мұрнының «гаймориті» бар ма, немене, қария қазір ойлап отырса, минөт сайын, кішкентай қара сөмкесінен қол орамалын алып, танау жағын сүрткілей беретін. Әлихан осы жағын көбірек ойлаған сияқты. Мұғалім бағаларды естіртіп бола бергенде дәліздегі кезекші жүгіріп келіп Назираға: «апай, біреу сізді телефонға тез шақырып кел деді» деп аптыға жөнеледі. Ол кезде қалталы телефон жоқ, Нәзира мұғалім мұғалімдер бөлмесіне тура жүгірді. Осы мезетте кішкентайынан бұзақылау Әлихан шебер пайдаланды. Күні кеше ғана өз мектебіміздің подвалына түсіп, ақырғы рет ойнайық жеп жүріп, директордың кабинетінің астынан семіз бір құйрығы ұзын сұр тышқанды ұстап алғамыз, соны біз үйді-үйімізге тарағанда кір-кір шүберекке орап алып кетіп еді, не істейсің оны деп безек қағып едік. Енді білгелі отырмыз соның сырын.
Мұғалім жоқ кезде Әлиханымыз да оның үстіліне тұра жүгіріп, асығыс іздеп, куәлігін тауып, қойнына сып еткізді де, бүкіл сынып, о кезде класс дейміз, таң қалатындай әрекет жасады. Нәзира мұғалімнің жаңағы қара сөмкесін сырт еткізіп ашып, әлгі семіз тышқанды ішіне салып, сырт еткізіп жаба қойды. Біреулеріміз ыржалақтай күліп, екіншілеріміз сөге жамандап, кластың іші у-шу боп жатқанда Әлихан орнына келіп тымпиып отыра қалған. У-шудың мән-жағдайын жақсылап білгісі келген класс жетекшісі, өзі жағрапия пәнінің оқытушысы Нәзира мұғаліміміздің өн бойы былай тұрсын, даусы да әлсіз сияқты нәзік еді, сонысына қарамай ең алдымен өзінше айқайлап сыныпты тыныштандырып барып, әңгімесін жалғамақ еді, шамасы жетпеді: «Тиышталыңдар! Не болды, соншама? Дәл бір бастауыш кластың балалары құсап, шулап кеткендерің не?» деп біздің жауабымызды күтпестен қара сөмкесіне әдеттегідей қол орамалын алмақшы болып қолын салғанда орамалдың орнына семіз тышқанды алып шығып талып қалды. Талғанды қойып, орындықтан еденге құлап түсті. Әлихан да бір жағынан оңбаған, біз бәріміз класс жетекшісіне жанымыз ашып жүгіріп жүргенде, ол өзінің қара басының жағдайын ойлап, куәлігін рұқсатсыз алып ап өзеннің арғы жағындағы, шидің арасындағы үйіне аласұра қашып кетті.
Қойшы, сол Әлихан білікті бастық болып өсті. Алған беттен солайша қайтпау керек деген Балтабектің қазіргі кездегі сыныпта айтқан әңгімесіне осы күнгі сынып жетекшісі Гүлзипа ыза боп шықты. Сыныптан шығып, Балтабекті құрметтеп шығарып салып тұрып:
-Ой, ата! Сіз де қызық екесіз. Енді біраздан кейін мектеп бітіріп, мамандық таңдауға көшетін жас өспірімдерге салихалы бір әңгіме айтып бере ме десем, қайдағы жоқты, әсіресе семіз тышқанды айтқаныңыз не?-деді қатты іренжіп.
Терезе желдеткіші жақтан оқушылардың қатты күлкісі естілді.
Балтабек қария:
-Е, мен қайдан білейін, бастан өткендеріңізге сәйкес сөйле дедің сөйледім. Қашанғы өтірік айтамыз? Шындық тұрғысынан тәрбиелейік те жастарды. Менің ойымша осылай,-деді. Гүлзипа:
-Жоқ. Дұрыс емес,-деді іренішінен қайтпай,-дұрыс емес.
Сіздер не дейсіздер?...

М.Төктебайұлы
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 2888 | Добавил: модератор | Теги: Өмір өрнектері | Рейтинг: 1.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz