(«Емші» №18 (214) 2012ж) ...Сіздерге бар жүрегіммен денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін. Құдай сіздерге менің жасымды берсін-96 жас, ары қарай әркім қалай соза алса, солай созсын. Сонымен 1996 жылы менің жүрегім қатты ауыра бастады. Диагноз: ишемия мен жүрек талмасы болды. Жылдың аяғын дейін мен мынандай қоспамен емделдім. Біріншісі-500 г табиғи бал мен 500 г арақ алыңыз. Арақты бір литрлік банкіге құйып, үстіне бал салып, бөлме температурасында бал толықтай еріп кеткенінше сақтаңыз. Екінші қоспа-емдік шөптер қажет болады: сасықшөп (пустырник), сушеница топянная, үгітілген шүйгін тамыры (валериана), қастауыш (құмырсқалық) спорыш (муравьиный) және дәріханалық түймедақ. Осы шөптердің барлығынан 1 ас қасықтан алып, 1 л суда тұндырып, суығанша қойып қойыңыз. Сүзгіден өткізіп, бірінші қоспамен араластырыңыз. Жылы жерге үш күнге қойып қойыңыз-қоспа дайын. Ал мынау ентігіп кету мен жүрек талмасына арналған екінші шипашақ. Мынадай қоспа жасаңыз: 10 орташа тісше сарымсақ (чеснок) пен 10 лимон алыңыз. Сарымсақты тазалап, лимонды жуып, барлығын ет тартқыштан өткізіңіз. 1 л бал қосып, барлығын араластырыңыз. Қараңғы жерге қойғаннан кейін 7 күннен кейін қоспа дайын болады. Күніне 1 рет 4 шай қасықпен, жұтуға асықпай, аузыңызда ұстап тұрып қабылдаңыз. Бұл қоспаны тоңазытқышта сақтау керек. Нұрымов Жасар, Өскемен қаласы.
|