Саған жақсы болу үшін, күніне екі рет табиғи суық су құйын.
Жуынған соң 1-2 минут жалаң аяқ жерде тұр. Қыстыгүні қардың үстіне тұру керек.
Ішімдік ішпе және темекі тартудан аулақ бол.
Табиғатта өзіңді қоршағанның бәрін жақсы көр. Еш уақытта айналаңды түкіріп, былғама. Ол сенің денсаулығың.
Барлық жерде, барлық қарттармен амандас.
Шамаң келгенше науқас, кедей, көмекке мұқтаж жандарға көмектес.
Өзіңнің бойындағы тәкаппарлықты, кеудемсоқтықты, қорқынышты, екіжүзділікті, жалқаулықты, сараңдықты жой. Адамдарға сен және оларды жақсы көр. Сонда айналаңдағылар да сені жақсы көреді.
Бойыңды жаман ойлардан аулақ ұста. Сонда ғана жеңіске қол жеткізесің.
Күніне танымайтын 21 адаммен бар ықыласыңмен сәлемдес. Мұны дүкенде, дәріханада, базарда жасауға болады. Бұл үшін Алла тағала саған алғыс жаудырады. Жолың ашылады.
Таңертең тұрғанда таңмен, күнмен сәлемдес. Жаратушыға әрбір жұтым су үшін, жұтқан ауа үшін алғыс білдір. Қол жеткізген табыстарыңа мақтанба. Өте қарапайым бол.
|