Воскресенье, 07.12.2025, 08:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 19
Гостей: 19
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2009 » Ноябрь » 13 » Жалбыз (шалфей...)
Жалбыз (шалфей...)
21:25
Жалбыз-ерінгүлділер тұқымдас, бұта тәрізді сұрғылт-жасыл түсті өсімдік. Сабағы төрт қырлы жапырақтары мен бұтақтары көп. Сопақша жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге жуық. Гүлдері негізінен көк, күлгін түсті, аздаған ақ және алқызыл гүлдері де болуы мүмкін. Екі ерінді төмен қарай өсетін гүл қуашақтары бар. Жемісі-шар тәріздес төрт жаңғақ. Биіктігі-20-50 сантиметр.
Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Қазақстанның оңтүстігінде кездеседі. Эфир майын алу және дәрі жасау үшін ол Молдавия мен Украинада, Краснодар өлкесінде өсіріледі.
Химиялық құрамы: Жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы, илік заттар, алколоидтар мен кейбір қышқылдар бар.
Қолданылуы: Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынып, одан қан кеткенде, тіс ауырғанда, баспада, сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады. Жалбызды булау, шаю және ванна жасау арқылы тері сыртына да қолдануға болады.
Денені шаюға қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм жапырағын бір стақан (200гр) ыстық суға салып, 20 минуттай тұндырады.
Кейбір дәрігерлер жалбыз тұнбасын қақырық түсіретін, әл беретін, несеп  жүргізетін, жел шығаратын, қан тоқтатын дәрі қолдануға ұсынады. Ол үшін 10-20 грамм жалбызды 1   стақан ыстық суға салып тұндырады да ас қасықпен күніне бірнеше рет стақанның үштен біріндей мөлшерде ішеді. Сонымен қатар жалбызды пиязбен және балмен қосып пайдаланса, оның емдік қасиеті арта түседі. Әдетте туберкулезбен ауырған адам кейде түнге қарай көп терлейді. Бұған 15 грамм  жалбыз жапырағын бір стақан қайнаған суға салады да, сол күйінде жарты стақаннан ішеді.
Дәрігер С.В. Линькова (Саратов қаласы) басқадай қосалқы аурулардан таза тек өкпе туберкулезімен  ауырғандарға мынадай қосынды жасап ішуді ұсынады: Жалбыз жапырағынан 3-8 грамм, сондай-ақ қалақайдан, гүлшетеннен, ақбасжусаннан 2-4 грамнан алып араластырады. Бұл қоспаға 3 ас қасық қайнаған су құяды да жылы жерге қойып, жарты сағаттай тұндырады. Тұнбаны күн сайын жаңадан әзірлеп отыру керек. Оны күніне үш рет тамақ алдында жылытып ішеді. Емделу мерзімі 3 ай. Бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін.
Халық медицинасында жалбызды бауыр мен өтқабы, бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, етеккір қалыптан тыс көп келгенде, іш кепкенде, булыққанда, дауыс қарлыққанда, гриппен ауырғанда және суық тигенде қолданады, сонымен бірге, жалбыздан жасалған шайдың ішек құртын түсіретін қасиеті бар, сондай-ақ ол қарын сөлінің бөлінуін жақсартады және жүйкені нығайтады. Туберкулезбен ауыратындар жөтелген кезде іріңді қақырық түссе және қатты терлесе, жалбызды сүтке қосып қайнатып, кейде жапырағын жартылай су қосылған шарапқа салып ішеді.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 7371 | Добавил: kemel | Рейтинг: 4.7/9 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz