«Әкем Расулуллаһпен (с.ғ.с.) бірге «қоштасу қажылығына» барғанында мені өзімен бірге апарды. Ол кезде менің жасым жетіде еді». Түсініктеме: «қоштасу қажылығы»,-Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)жасаған соңғы қажылығы.
Хадисті Әс-Саиб ибн Йазидтен (р.л.г.) Имам Бухари риуаят етті.
«Бірде Нәби (с.ғ.с.) ар-Раухада (Ар-Рауха-мекен атауы) бір керуенді кездестіріп, керуендегілерден: «Сендер кімсіңдер?»,-деп сұрады. Керуендегілер: «Біз мұсылманбыз. Өзіңіз кім боласыз?»,-деді Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Мен Аллаһ Тағаланың Елшісімін»,-деп жауап берді. Сол уақытта бір әйел қолындағы сәбиін көтеріп: «Мынау сәби қажылықты орындаса бола ма?»,-деп сұрады. Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Иә, болады. Оның сауабы саған жазылады»,-деп жауап берді».
Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті.
|