«Мазам кетті...» -Дәрігер, көмектесе көріңізші! Әйелімнің науқасынан мазам кетті. Дауысы бітіп қалды. Не істесем екен?! -Бүгін үйіңізге түнгі сағат үште қайтып көріңізші...
Дәрігерге ұқсамайды екен Бір әйел дәрігерге келіп шағыныпты: -Соңғы кезде күйеуім өзін бір түрлі оғаш ұстап жүр, фарфор шыныаяқпен кофе ішсе болды, аяқтың тұтқасын ғана қалдырып, қалғанын түгел шатырлатып шайнап жеп қояды. -Шынында мұнысы «қызық» екен,-дейді дәрігер,-шыныаяқтың ең тәтті жері-тұтқасы ғой...
Сыбдыр Жаңа үйге қоныстанған жандарға бір қонағы келеді. Құттықтап әңгімелесіп отырып әлден уақытта құлағын әлде неге тосқандай сөзін тыя қояды: «кіргендерің жаңа-сендерге тышқан қайдан келе қалды?»-дейді қонақ. -Ол тышқандар емес,-дейді үй иелері,-сыбдыр естісең, ол салат жеп жатқан іргедегі үйдегілер ғой...
|