Әкем жас кезінде аң-құс аулаумен айналысатын. Оның әуесқойлықпен айналысқан бұл ісі кейін емделуге қажетті шикізаттың көзі болып табылды. Соның бірі-асқазан ауруын емдеу.
Қолдану және дайындау әдісі. Асқазан тамақтанған сайын кейіп, ас сіңбей, ішкенде түгел құсып ауырған кезде 1 литр борсық майын суға құйып, жарты сағат қайнатып, екі сағат тұндырады. Әбден суыған соң су бетіндегі майды қалқып алып, қайтара суға сол әдіспен қайнатады. Осы әдісті үш рет қайталайды. Әр жолы судың астына майдың керексіз бөліктері түсіп, май тазарып отырады. Үш рет қайнатылған соң мөлдір түс алады. Соны таңертең ашқарынға 300-400 мл мөлшерінде түгел ішеді. Мұндай сұйық май, әдетте асқазанда көп тұрмайды. Көбінесе оны адамдар құсып тастайды. Құсу кезінде асқазанға байланған, асқорытуға кедергі келтіріп тұрған заттар қопарылып түседі. Содан соң науқастың жағдайы жеңілдеп, тамақ, сорпа ішіп, көптен қинаған сырқаттың ізі де білінбей, сауығып кететінін көрдік.
Қанат Садырбаев,
Семей қаласы
|