Ағылшын зерттеушілері адамды ұзақ жыл бойғы аурудан қорғайтын дәрі жасап шығармақ. Бұл дәрі созылмалы аурудан сақтайтын керемет жаңалық болғалы тұр.
Негізі созылмалы дертке HCN2 гені «кінәлі» екені ғылымға бірнеше жыл бұрын-ақ белгілі болған. Бірақ генетиктер оның табиғатын толық танымағандықтан нақты бір әрекет не шешімге келе алмай жүрген-ді. Ағылшын ғалымдары кеміргіштерге зерттеу жүргізу арқылы оның құпиясын толық ашуға қол жеткізді. Кембридж университетінің мамандары тышқандардағы әлгі HCN2 генін алып тастапты. Сонда кеміргіштердің созылмалы дертке шалдықпайтыны анықталған, яғни ауру ары қарай дамымаған. Осыны негізге алған зерттеу тобының жетекшісі Питер Макноутон осы геннің дамуын тоқтататын дәрі жасауды қолға алмақ. Кереметі сол, ол дәрі жасалатын болса адам аурудан зардап шекпейтін болады.
Р. Ордабек.
|