Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің таңдамалы хадистер жинағында жұма күні-күндердің төресі екені және бұл күннің көптеген қасиеттері туралы айқын көрсетіледі. Жерлестеріміз, оның ішінде жастар жағы осыған бұл күндері айырықша мән беріп, ден қоюда.Осы тұста айырықша тоқталар жәйіт кез-келген күні-ақ жұртшылық алдында оқылған дұғаны көпшілік түгел қолдап, «әмин», десе, дұғада айтылған тілектер Аллаһ Тағала тарапынан әлдеқайда тезірек қабылданып, тілек айтушыларды марқайтады деген ұғымды есте ұстайық.Мәселен, бір күні ауруханада ауырып жатқан туысының шапшаң сауығуын тілеген мұсылманның көпшілік арасындағы тілегі-дұғасы жеке оқылғаннан әлде қайда артық.Өткен аптада да мысалы, төмендегі жерлестеріміздің тілегіне орай мешітімізде бірнеше дұғалар оқылды.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
|