Неке қию, мәйітті жерлеу, құран-қатым рәсімдері азаматтарымыздың көпшілігіне таныс. Бұлай дейтініміз, тереңдеп білмейтіні көбіне-көп туған-туыстары қайтыс болып, оларды жерлеп барып, қайғылары біртіндеп тарқай бастаған уақыттар да ғана түсінетіндер баршылық екенін жасырмай-ақ қояйық. Сондықтан қысқаша қайырар болсақ, еске алу жәйіттері баршаға мәлім дер едік. Адамның бойында бір жылы сезім болса, ол-өткенді еске алу... Бұл жайында да «Мұхамади» мешіттінің табалдырығын аттап, сұрақтарыңызға жауаптар алсаңыздар, ұғымдарыңыз молая түсетініне сенімдімін.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Категория:
Еске алу
|
Просмотров:
1370
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.08.2009
|
Құран оқу-мұсылманның исламға сенгені секілді жауапты міндеті. Қазақстан мешіттерінде құран-қатымды бас киімді шешпей, аса ыждағаттықпен тыңдау жақсы рәсімге айналды. Әсіресе, оның сөздеріне ерекше ден қою шарт. Өйткені құран-қатым тек араб тілінде ғана оқылуы тиіс. Көбіне қайтыс болғандардың жан тыныштығы үшін оқылады. Басқа да жәйіттерін біздің «Мұхамади» мешітіне келіп біле аласыздар.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Категория:
Құран хатм
|
Просмотров:
1030
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.08.2009
|
«Мұхамади» мешітіне келіп жүргендердің көпшілігі жерлеу мен қабір туралы біледі деп айтсам, артық емес шығар. Ал білмейтіндер үшін айтарым, бұл жайындағы мағлұматтар мен кеңестерді біздің мешітке келіп біліп алуларыңызға болады. Өйткені «қабірдің үсті түсіп кетсе қайтеміз» деген сияқты сауалдар толып жатыр. Соларға лайықты жауап қату-біздің қызметкерлеріміздің, оның ішінде, менің де абыройлы парызымыз.
Категория:
Жерлеу
|
Просмотров:
1018
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.08.2009
|
Пайғамбарымыз с.ғ.с. жас жұбайларға отау құрып, некелесуден бұрын бірнеше шарт қойды. Осы жайында және неке қию турасында «Мұхамади» мешітіне келіп, кеңінен танысуға болады. Мешітте неке қию рәсімі де өтеді.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Категория:
Неке
|
Просмотров:
1385
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.08.2009
|
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің таңдамалы хадистер жинағында жұма күні-күндердің төресі екені және бұл күннің көптеген қасиеттері туралы айқын көрсетіледі. Жерлестеріміз, оның ішінде жастар жағы осыған бұл күндері айырықша мән беріп, ден қоюда.Осы тұста айырықша тоқталар жәйіт кез-келген күні-ақ жұртшылық алдында оқылған дұғаны көпшілік түгел қолдап, «әмин», десе, дұғада айтылған тілектер Аллаһ Тағала тарапынан әлдеқайда тезірек қабылданып, тілек айтушыларды марқайтады деген ұғымды есте ұстайық.Мәселен, бір күні ауруханада ауырып жатқан туысының шапшаң сауығуын тілеген мұсылманның көпшілік арасындағы тілегі-дұғасы жеке оқылғаннан әлде қайда артық.Өткен аптада да мысалы, төмендегі жерлестеріміздің тілегіне орай мешітімізде бірнеше дұғалар оқылды.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
| |