|
Жеңешем білді дегенше, Жержүзі білді десеңші.
Ат өлімі-итке той.
Найзаның орны ұрыста.
Сатылмас атқа құн жетпес.
Еркелеткенді ит те сезер.
Көрмеген жерің-кең бейіш.
Бір күн бұрын ексең,
Бір апта бұрын орасың.
Білімнен асар байлық жоқ.
Монша тәнді сауықтырады,
Жақсы сөз жанды сауықтырады.
Тау толғатып тышқан тапты.
Оңды бұйым өзін-өзі өткізер.
Суға кеткен сусын сұрамайды.
Өзгенің сөзіне сенгенше, Өзіңнің көзіңе сен.
Жауыққан дос жаудан бетер.
Досыңды үш сынама, Үш жыл сына.
Жалғыз ара балға жарытпас.
Баланы таба білсең,
Баға да біл.
Торқа кигізсең,
Томар да әдемі.
Теңгенің күші тиында.
Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
|