Автобус ішінде асқазаным қыжылдап мазам кетіп отыр едім, жаныма жайғасқан бір апай:-Балам неғып мүжіліп отырсың?-деді бетіме үңіліп. Айттым.Дәрігерге көрінгенге дейін бір амал айтайын. Орында: «Асқазаның қыжылдаса, сәбіз шырынын ішу керек,-деп қалды. Аялдама жақындаған соң, рахметімді айтып түсіп қалдым. Үйге келіп айтқанын істеп едім, бірден басыла қалды «қыжылым». Мейірбан жүзді апайға шын жүректен риза болып сенгендікі ме, қайдан білейін... О кісі қайдан біліп жүр? Біреуден естіді ме екен? Әлде оқыды ма екен? Сан сұрақ жауапсыз қалды. Бір анығы, жақсы адамдардың қайырымдылығы әр тұста-ақ дес береді ғой...Мақсұт, Өскемен қаласы
|
Балпық би бір жазда Ақтайлақ шешенге кездесіпті: -Сені Ақтайлақ екен десем, боқ тайлақ екенсің ғой,-дейді. -Сені мен Балпық екен десем, ақылы жоқ тантық екенсің ғой,-депті оған Ақтайлақ. -Пайғамбар ақ түйесін қайда жоғалтты, ал сен ақылды болсаң соны айтшы,-депті Балпық. -Ақ түйе жоғалтып іздеп жүрген пайғамбарды көргенім жоқ, сен көрсең, қане өзің айтшы,-депті Ақтайлақ. -Мен айтсам пайғамбар ақ түйесін жоғалтқан жоқ. Ақ түйе дегені ол жарықтықтың ақ көңіл, ақ ниет, ақ тілегі ғой. Әркімде сондай асыл қасиет болсын деңіз,-депті Балпық би.
| |