Жапонның апатқа ұшыраған «Фукусима-1» атом стансасынан 40 шақырым қашықтықтағы Иитатэ және Кавамата қалаларының тұрғындарын тексергенде 15 адамның зәрінен радияция табылды. Бұл не деген сөз? Бұл-радиация 40 шақырым аумақтағы (бәлкім, одан да көп) тірі жәндіктің бәрінің ағзасына өтіп кетті деген сөз.
Жапон билігі қатты алаңдаулы. Аймақтағы екі миллион адамның денсаулығын қадағалау жөнінде арнайы бағдарлама жасалды. Бұл дегеніңіз, Фукусима префектурасының түгелге жуық тұрғыны. Бағдарлама 30 жылға есептелген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1,3 миллиард доллар қаражат бөлініпті.