Белді таянбайды. Себебі жақын адам қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады. Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады. Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл-қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым. Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады. Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады. Тізені құшақтамайды. Бұл-«ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді. Жуған қолды сілкісе, ырыс-несібе кетеді. Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады. Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |