Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Бұтына шортик киіп таңраңдаған.
Осындай қыздарыңды көрмей кеткен,
Не деген бақытты едің, қайран бабам.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Тұмшалап бет-ауызын байлап алған.
Көре алмай қыздарыңды араб болған,
Кеттің-ау, арманда боп, қайран бабам.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Қытайға тиіп алып сайраңдаған.
Немерең құран оқып жоқтамаса,
Кімдерге өкпелейсің, қайран бабам.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Санасы адасудан ойрандалған.
Қыз-қырқын, жігіт-жыртың боп кеткенін,
Сезініп жатырсың-ау, қайран бабам.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Намысын, қазақпын деп қайрамаған.
Көріп қайт өз көзіңмен, десем егер,
Тіріліп келер ме едің, қайран бабам.
...
Толығымен (Подробнее)»