Бет күнге күйіп қалған жағдайда шикі картоп пен қияр жақсы көмектеседі. Ол үшін қияр мен картопты үккіштен өткізіп, терінің күйген жерлеріне жұқалап жағып шығу керек. Оның үстінен салфетка жабасыз. Капуста жапырағын майдалап турап жағуға да болады.