Шымкент уезінің қырғызы егде жастағы молда Әли Малдабаев өзінің Бексейіт Мәкішевтің бақсылық ойынын көзімен көргенін әңгімелеп берді. Мысалға, ол жарты құлаш қанжарын қатысып отырғандардың біріне береді екен, сосын ішіне қанжармен соғуын бұйырады екен. Қанжар ұстаған адам қанжармен соққан кезде Бексейіттің жон арқасынан шыққан. Немесе қанжарды аузына сабына дейін сұғындырып желкесінен шығарған.
Мұндайды көрмеген көрушілер Бексейіттің бақсылығынан зәрелері ұшып, тұра-тұра қашатын болған.
Этнографические материалы, выпуск 5
Ташкент 1896 г.