«Жалғыздық» өлеңі
Болмай кетті өмірімше маған тойым,
Хат-қаламым, өлеңім-жылқы, қойым.
Мен дегенде жан біткен теріс айналып,
Орнына кеп көрген жоқ ешбір ойым.
Бұхар бардым, еңбегім онда қалды,
Ташкенттегін жолдағы ел тонап алды.
Қыдырсаң да дүниені, таба алмайсың
Бір еңбегі жанбаған біздей жанды.
Кім-кімменен бас қоссам, ойы басқа,
Үйде отырып, жаримын өш пен қасқа.
Үйде-түзде күн кештім жалғыздықпен,
Жари алмай өмірімде бір жолдасқа!