Сұрақ:
Бірігіп құрбан шалуға бола ма? Осы жөнінде қысқаша айтып берсеңіздер.
Шәкіртбай, Сейітқазы.
Өскемен қаласы.
Жауап: -Қой немесе ешкі іспетті ұсақ малды құрбандық ретінде тек бір адам ғана шала алады. Ал түйе немесе сиыр секілді ірі-қара малдарды бір кісіден жеті адамға дейін бірігіп немесе бір адам жеке өз атынан да соя алады. Құрбан шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер осы адамдардың ішінен біреуі құрбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының да құрбандығы құрбандыққа ретінде саналмайды.
Бұл жөнінде толығырақ мешіттерден біле аласыздар.