(«Керек кеңестер» №18, 2011 ж)
Қымбат Бекназарова, Қызылорда қаласының тұрғыны: -Бала күнімізде әжем көп тыйымдар айтып отыратын. Соны құлағымызға құйып өскен біздер жат қылықтан сақтанып, теріс мінез көрсетуден сақ болып өстік. Қазір мен оларды өз балаларыма айтамын. Ақыл-кеңес түріндегі бұл тыйымдардың газет оқырмандарына да керегі болар деген оймен өздеріңізге жолдап отырмын.
-Тізені құшақтауға болмайды. Тізесін құшақтаған адам өмірде жалғыз қалады.
-Бос бесікті тербетуге, бесік үстіне отыруға болмайды. Олай етсең өмірден перзентсіз өтуің мүмкін.
-Үйде ысқырмайды. Үйде ысқырса жылан келуі немесе дауыл тұруы мүмкін.
-Күн батарда ұйықтамайды. Ол кезде ұйықтаған адам кеселге ұшырайды.
-Жақын адамына пышақ беруге болмайды, жанжалдасып қалуы мүмкін. Сондай-ақ ағайын адамдар бір-бірінен ит пен мысық алмайды. Егер алатын болса, аралары ит пен мысықтай болады.
-Тамақ ішетін ыдысты теппейді, несіб
...
Толығымен (Подробнее)»