Ағза әбден әлсіреп, сусызданғанда адам есінен тануы, санасы тұмандануы байқалады, теріні басып, шымшығанда оның алғашқы күйге келуі көпке дейін байқалмайды.
Дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, онда науқастың бүйрегі зақымданады. Түсі қуарып, тынысы жиілейді, суық тер шығады, терісі жабысқақтанып, ұйқысы келе береді. Науқастың тамыр соғысы жиілейді, тамыр тез, бірақ әлсіз соғады, адам бірте-бірте есін жоғалтады. Ағзаның тым көп сусыздануы науқастың өміріне қауіп төндіреді. Әсіресе ол жұқпалы аурулар кезінде, аса әлжуаз сырқаттар мен балалар ауырғанда қауіпті.
Ағза сусызданған кезде сұйықты көбірек ішу керек, құрамында түрлі тұздары бар препараттарды (электролиттер), ағзадағы сұйық мөлшерін қалпына келтіретін ерітінділерді ішкен пайдалы. Оларды кез келген дәріханадан табуға болады.
Егер емшек жасындағы, он жасқа дейінгі балаларда сусыздану аңғарылса, сондай-ақ науқас жиі құсса, оны тез арада дәрігерге
...
Толығымен (Подробнее)»